ЕАГИ ректоры Н. Т. Ныгыманова ҚР ЖОО ректорларының қатысуымен өткен бірқатар іс-шараларға қатысты
2025 жылғы 6-7 ақпанда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, п.ғ.к., профессор Н. Т. Ныгыманова Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Р. С. Желдібайдың төрағалығымен өткен кеңеске, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты.
2024 жылдың қорытындысы бойынша білім беру саласындағы жетістіктер, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қызметінің негізгі бағыттары туралы сындарлы әңгіме өтті, сондай-ақ 2025 жылға арналған даму мақсаттары мен міндеттері, негізгі басымдықтары айтылды. Іс-шараның негізгі тақырыптары: Министрліктің іргелі және негізгі міндеттерінің бірі ретінде барлығына жоғары білімнің қолжетімділігі, білікті кадрларды даярлау, инновациялық технологиялар, ғылымды дамыту, халықаралық ынтымақтастық және т. б. болды.
Ағымдағы жылғы 11 ақпанда ректор Н. Т. Ныгыманова үкіметтік іс-шараларға қатысу қорытындысы бойынша А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының профессорлар-оқытушылар құрамымен кеңес өткізді. Оның барысында ұжымның алдына білім беру және тәрбие қызметі саласында бірқатар міндеттер қойды.