ЕАГИ студенттері үздіктер қатарында!

13 сәуірде Конгресс-холл залында «Жастар Жалыны – 2016» студенттік фестивалінің гала – концерті өтті. Концертте конкурстың қорытындысы шығарылып, номинация жүлдегерлері марапатталды.

2016 жылы сәуірдің 8-13 күндері аралығында фестиваль өткенін еске салайық. Студенттік іс-шарада Астана қ. 13 колледжі мен 10 ЖОО-ның студенттері қатысты.

Біздің студенттеріміз әр конкурс бойынша жүлделі орын алғанын хабарлаймыз:

  • «Үздік еріктілер жобасы» атты номинацияда 1-орынды ППСК-4-2 тобының студенттері Мәжит Айжан и Шаирманова Акнур жеңіп алды. Жоба жетекшісі: тәрбие ісі жөніндегі проектор, педагогика ғылымдарының кандидаты Оспанова Ярослава Николаевна.
  • ЕАГИ-дің «Асылжүрек» клубының лидері, ППК-14-02 тобының студенттері Батырханова Мейрамкүл және Әжігерей Айәсем «Үздік студенттік клуб» номинациясында 2-орынды иеленді. Жоба жетекшісі: инклюзивтік білім берудің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету орталығының координаторы Тойшибекова Майра Канапьяновна.
  • «Авторлық оқу» номинациясында КЯЛ -15-01 тобының студенті Қосылбекова Ақмарал 3-орынды иеленді.
  • «Эстрадалық ән» номинациясында ПДК-3-11 тобының студенті Ахметжанова Айгерім 3-орынды иеленді.
  • «Халық және қазіргі заман биі» номинациясында біздің «Шаттық» би тобы мен қазіргі заманғы би студиясы 3-орынды жеңіп алды. Хореографтар – Амангелді Yмiт (ППК-15-01), Суженов Арсен (Ф-15-01) және Төлегенов Данияр (Ф-15-01).

Біздің студенттерімізді жеңістерімен құттықтап, алда үлкен жетістіктер тілейміз!