Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Рустем Тауекелов ЕАГИ-ге келді
2025 жылғы 13 ақпанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Р.С. Тауекелов келді. Әкім институт ректоры, профессор Н.Т. Ныгымановамен кездесті. Институт бойынша экскурсияны тәрбие ісі жөніндегі проректор, профессор Я.Н. Ковалева өткізіп, әкімді институттың материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Қонаққа мамандандырылған кабинеттер: А.Қ. Құсайынов атындағы ғылыми орталық, криминалистикалық кабинет, психологиялық қолдау кабинеті, инклюзивті кабинет, Қазақстан халқы Ассамблеясы кабинеті, сондай-ақ кітапхана мен конференц-зал көрсетілді. Кездесу барысында Н.Т. Ныгыманова аудан әкіміне ЖОО-ның білім беру қызметтерін ұсыну, ғылымды дамыту, халықаралық байланыстарды кеңейту, тәрбие жұмысы саласындағы жетістіктері, даму перспективалары мен жоспарлары туралы айтып берді.
Өз кезегінде, Р.С. Тауекелов институтта оқу үдерісін ұйымдастырудың жоғары деңгейін және студенттер үшін жасалған қолайлы заманауи жағдайларды атап өтті. Бұл біз үшін маңызды оқиға және одан әрі дамуға түрткі болды!