Керемет кездесу өтті!

Бүгін Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлымен маңызды кездесу өтті. Іс-шара барысында жас мамандарды қолдау, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және білім беру жүйесіндегі реформалар талқыланды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Әсіресе, білім саласындағы жаңашылдықтар мен болашақ жоспарлар туралы пікірталас қызу өтті. Студенттердің бірі бұл кездесудің пайдалы болғанын айтып, көптен бері мазалап жүрген сұрақтарына жауап алғанын жеткізді. Ал тағы бір қатысушы жас мамандар үшін бұл кездесудің үлкен мотивация бергенін және болашаққа деген сенімі арта түскенін айтты.
Осындай пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасады!