Тарих тағылымы: Ермахан Бекмахановтың 110 жылдығына арналған ғылыми семинар
2024 жылдың 20 ақпанында, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығы аясында т.ғ.к., профессор Е.А. Ескалиевтің төрағалығымен атақты тарихшы ғалым Ермахан Бекмахановтың 110 жылдығына арналған кросс-университеттік ғылыми семинар өтті.
Семинардың арнайы спикерлері: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Максат Алпысбес, Астана халықаралық университетінің профессоры, т.ғ.к. Үскенбаев Қанат, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к. Ерниязов Дамир және аталған жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері болды. Сонымен қатар ЕАГИ кітапханасының қызметкерлері Ермахан Бекмахановтың тарихи концепциясына қатысты зерттеулердің көрмесін ұйымдастырды.
Ғылыми кездесуде Ермахан Бекмахановтың зерттеулері мен тарихи ғылымға қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Семинар қатысушылары құнды ғылыми ақпаратпен бөлісіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды!