«Отбасылық құндылықтар» тақырыбында қонақ дәрісі
2025 жылдың 18 ақпанында, А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-дің 30 жылдық мерей тойының қарсаңында, педагогика және тарих кафедрасының білім беру бағдарламасының студенттеріне, тарихшы, этнология магистрі, сарапшы-лектор, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ұлт құндылықтарын дәріптеуші, «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры, «Ұлытау» телерадиокомпаниясының «Тұрарды тыңдайық» рубрикасының жүргізушісі Шәкен Тұрар Сәттарқызы, «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында қонақ дәріс оқыды. Дәріс диалог форматында өтті.