А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Қазақстан халқы студенттер ассамблеясы көшбасшыларының «Ассамблея Жастары» РҚБ өкілдігінің есептік іс-шарасына қатысуы

2025 жылғы 14 ақпанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Қазақстан халқы студенттер Ассамблеясының көшбасшы студенттері «Ассамблея Жастары» РҚБ өкілдігінің есептік іс-шарасына қатысты. ЕАГИ Қазақстан халқы студенттік ассамблеясының төрағасы, «Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Хван Миён атқарылған жұмыстар және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады. Іс-шараға қатысушылар алдағы ынтымақтастықтың келешегімен алмасты.