Салауатты өмір салтын насихаттау

2025 жылдың 13 ақпанында педагогика және тарих кафедрасының студенттері Астана қаласының №3 қалалық емханасы ШЖҚ МКК алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС орталығының дәрігері А. Нурмагамбетовпен кездесті. Кездесу тақырыбы: «Есірткі заттарының адам ағзасына әсері» болды. Кездесу соңында қызықты пікірталас өтті. Оның барысында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.