ЕАГИ-де Студенттік Парламент Президентінің сайлауы өтті

2025 жылғы 27 ақпанында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Студенттік Парламент Президентінің сайлауы өтті. Біздің ЖОО-ның кез келген студенті сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын бере алды. Кандидаттарды қолдауға және оларға дауыс беруге алғашқылардың бірі болып ЕАГИ ректоры Н. Т. Ныгыманова, ЖІК төрағасы Н. Шынберген, проректорлар, декан, тіркеу бөлімінің бастығы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушілері, сондай-ақ белсенді студенттер келді. Күні бойы үміткерлерге ЕАГИ қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Копжасарова Мерей жеңіске жетті. Құттықтай отырып, сәттілік тілейміз