«Биле, ЕАГИ» би жобасының X маусымы!
2025 жылғы 28 ақпанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Астана қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен біздің институттың 30 жылдығына арналған оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер арасында «Биле, ЕАГИ!» дәстүрлі байқауының X маусымы өтті. Байқауға алғаш рет ректорат, деканат, кітапхана және студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының құрама командасы қатысты. Жоба қатысушылары әртүрлі номинациялар бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Құзыретті қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.
* Гран-приді ректорат, деканат, кітапхана, бухгалтерия және студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының құрама командасы жеңіп алды;
* 1-орынды педагогика және тарих кафедрасы мен экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы бөлісті;
* 2-орынды шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы және заң пәндері кафедрасы;
* 3-орынды қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы иеленді.
Қорытындылау рәсімінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Ковалева жоба серіктестеріне, қазылар алқасының мүшелеріне және тікелей институт қызметкерлеріне, оқытушылары мен студенттеріне жастар бастамаларын іске асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, осы жобаға қатысу арқылы ЕАГИ студенттері Қазақстан жастарын өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, рухани және адамгершілік қасиеттерді дамытуға, патриотизмді, салауатты өмір салтын және көшбасшылықты қалыптастыруға ықпал ететін оң қозғалыстарда өздерін көрсетуге шақыратынын атап өтті.