«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық концерті

2025 жылғы 11 ақпанда «30 игі іс» марафоны аясында ЕАГИ ерікті студенттері «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық концертін ұйымдастырып өткізді. Қонақтар үшін ұмытылмас, жылы әсер қалдырған жарқын концерттік бағдарлама дайындалды.

Осы іс-шараны ұйымдастыруға көмектескен және оны сәтті өткізуге үлес қосқан барлық адамдарға шын жүректен алғыс білдіреміз.