А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Есірткі мен психоактивті заттарды қолданудың салдары» атты қонақ дәрісі

2025 жылдың 12 наурызында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында нашақорлықтың және есірткі таралуының алдын алу жөніндегі практикалық және ақпараттық іс-шаралар жоспарын орындау аясында Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Кибаткызы Алияның «Есірткі мен психоактивті заттарды қолданудың салдары» атты қонақ дәрісі өтті.

Жиналғандарға тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ковалева  Ярослава Николаевна құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде институтта жастар арасында нашақорлықтың және басқа да жаман әдеттердің алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Студенттер полиция подполковнигі Кибаткызы Алияның сөзін үлкен қызығушылықпен тыңдап, есірткіні қолданудың салдары, есірткі заттарын қабылдай бастаған адамдардың мінез-құлқындағы айрықша белгілер мен өзгерістер туралы айтып берді. Іс-шара барысында студенттер есірткі заттарын заңсыз сақтауға, сатуға және пайдалануға байланысты қылмыстар үшін жауапкершілік шараларымен танысты, сондай-ақ өз жұмысының тәжірибесінен алынған мысалдар арқылы спикер студенттердің назарын есірткі қылмыстарына тарту нысандарына аударды. Сондай-ақ іс-шара барысында бейнероликтер көрсетілді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға сауатты жауаптар алды.