«Әлемдік тілдер және мәдениет» тақырыбындағы интеграциялық сабақ

2025 жылғы 5 наурызда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығын мерекелеу аясында шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының филиалы жұмыс істейтін №72 мектеп-лицейінде «Әлемдік тілдер және мәдениет» тақырыбында интеграциялық сабақ өтті. Іс-шараны ШТ-21-01 академиялық тобының студенттері Ә.Е. Кемельбекова мен А. Аймбетова (4-курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) кафедра доценті С.Е. Давлетованың жетекшілігімен ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың көптілділікке деген қызығушылығын арттыру және олардың әлемдік мәдениет туралы білімдерін кеңейту болды. Сабақ барысында студенттер әртүрлі халықтардың тілі мен мәдениеті туралы айтып, оқушыларға интерактивті тапсырмаларды орындауды ұсынды. Сабақ көптілділік пен мәдениетаралық қарым-қатынастың маңыздылығын талқылаумен аяқталды.