«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы студенттерінің өндірістік практикасы
Профессор Т.А. Абдрашитованың жетекшілігімен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері елорданың білім беру мекемелерінде: мектептерде, балабақшаларда, педагогикалық орталықтарда, психологиялық және әлеуметтік қызметтерде өндірістік практикадан өтеді. Тәжірибенің негізгі мақсаты – университетте алынған теориялық білімді нақты тәжірибемен біріктіру, адамдардың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, сонымен қатар педагогика мен психологиядағы әртүрлі әдістер мен тәсілдерді игеру облып табылады. Студенттер балалармен және ересектермен сабақтар, тренингтер өткізеді, білім беру үдерісін ұйымдастыруға көмектеседі, балалардың психоэмоционалды дамуын диагностикалайды және сүйемелдейді, сонымен қатар әдістемелік материалдар әзірлейді.