«ЕАГИ – денсаулық аумағы»: баскетболдан турнир
2025 жылғы 17 сәуірінде ЕАГИ спорт клубы, ЕАГИ Студенттік Парламентінің спорт және салауатты өмір салты фракциясы, Жастар істері жөніндегі комитеті Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен және Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бірлесіп А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері арасында баскетболдан турнир өткізді.
Бірінші орын үшін күресте келесі құрамдағы «Silver state» командасы жеңіске жетті.
Екінші орын – «And 1» командасында.
Үшінші орынды «Авангард» командасы иеленді.
Сондай-ақ турнир қатысушылары арасында «Турнирдің үздік ойыншысы» номинациясының жеңімпаздары анықталды:
- Ер балалардың арасында –Амангелді Ерхан (АІ-24-02 академиялық тобы);
- Қыз балалардың арасында – Салахова Нигяр (ИЯ-23-01 академиялық тобы), Нурпиисова Дарина (ИЯТ-23-01 академиялық тобы).
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ турнирді ұйымдастырушылар – Волков О.А., Мергалиев М.М, Жиенше Абылай (Т-23-01 академиялық тобы), Мамедов Роман (Ф-23-01 академиялық тобы), Молдағалиев Исламға (Т-23-01 академиялық тобы) Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК грамоталары мен алғыс хаттары және Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бағалы сыйлықтары табыс етілді.