«Алаш мұрасының көзі»

Биыл әдебиет тарихшысы, ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толып отыр.

Сан қырлы талант иесі, қайсар да рухты ғалым Қ. Мұхамедхановты, оның ұрпақ болашағы, ұлт келешегі үшін қалдырған мол мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ҚР Ұлттық академиялық кітапханада 20 сәуір күні «Алаш мұрасының көзі» тақырыбындағы Қайым Мұхамедхановты еске алу кешіне институтымыздың атынан ҚТӘ 3-15 тобы мен топ кураторы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Х. Шадиева қатысып келді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне осы сынды кештерге қатысу болашақ маман ретінде қалыптасуына мол септігін тигізетіні сөзсіз.