Тақырыптық кітап көрмелері
2025 жылғы 11 сәуірде институттың 30 жылдығын мерекелеу аясында студенттер мен магистранттардың «Ғылым және жаңа буын – 2025» халықаралық ғылыми конференциясын өткізу күндері ЕАГИ кітапханасында «Ғылым және жаңа буын – 2025», «Білім. Ғылым. Инновация» тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды. Қатысушылардың назарына еліміздің, жақын және алыс шет ел ғалымдарының ғылыми-іздестіру, зерттеу қызметін, сондай-ақ институттың профессорлар-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерін қамтитын «ЕАГИ хабаршысы» жинақтары ұсынылды.