ЮНИСЕФ халықаралық конференциясы

2025 жылғы 7 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ Қазақстан) Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірлесіп, «Акелиус» бастамасы аясында орта білім берудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша «Мектептегі тиімді білім: менторлық, технологиялар және тең мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сарсенова мен ИЯ-23-01 академиялық тобының студенттері (2-курс, «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы) қатысты.