Кітапханалық-ақпараттық қызметтегі жасанды интеллект
2025 жылғы 22-23 мамырда Ресей Ғылым академиясының әлеуметтік ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпарат институтының шақыруымен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты кітапханасының директоры Г.Х. Абдигазиева «ЖИ: теориялық тәсілдер және практикалық іске асыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты (РФ, Мәскеу қ., РҒА ӘҒЖҒАИ).
Конференция барысында өңірлік, академиялық жоғары оқу орындарынан бастап жалпыға қолжетімді муниципалдық кітапханаларға дейін барлық типтегі кітапханаларда ЖИ қолданудың халықаралық тәжірибесін ұсынған баяндамалар тыңдалды. «ЖИ-кітапханашы-пайдаланушы» БИИП жүйесі бойынша коммуникативтік модель, нейрондық желілер дәуірінде ғылымды библиографиялау және қызмет көрсету, ЖИ-ді дұрыс қолдану және т.б. мәселелер қозғалды.