«ROLE 2025: Research. Opportunity. Language. Experiment» қолданбалы лингвистика бойынша халықаралық студенттік конференция

2025 жылдың 6 мамырында «ROLE 2025: Research. Opportunity. Language. Experiment» қолданбалы лингвистика бойынша халықаралық студенттік конференция өтті. Қазақстан, Өзбекстан және Түркия оқу орындарының бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері өз зерттеулерінің нәтижелерін қолданбалы лингвистика, тілдерді оқыту, медиадискурс, аударматану және т.б. бағыттарда ұсынды. Ұйымдастырушылар: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің шетел филологиясы кафедрасы (Қазақстан) және Абу Райхана Бируни атындағы Үргенч мемлекеттік университетінің ағылшын тілі мен әдебиеті кафедрасы (Өзбекстан) болды.

Конференция Zoom-да онлайн-сессия форматында және Padlet-тегі бейне кітапханада өтті. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас зерттеушілердің дауыстарын біріктірді.

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтын осы конференцияда «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Найденова Даяна (ИЯ-22-01 академиялық тобы) және Нурлатқызы Балнур (ШТ-22-01 академиялық тобы) таныстырды. Студенттердің ғылыми жетекшісі: ЕАГИ шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сарсенова.