Индонезиядағы серіктесіміз – UMSIDA университетіне алғыс білдіреміз

Discovering Indonesia Through the Eyes of a Kazakh Student: www.lkui.umsida.ac

А.К. Күсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты атынан Universitas Muhammadiyah Sidoarjo (UMSIDA) университетінің басшылығына студентіміз Ақниет Абаеваға психология және педагогика факультетінде ағылшын тілі бағдарламасы бойынша бір семестр оқуға мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Бұл академиялық тәжірибе Ақниет үшін кәсіби және тұлғалық дамуда маңызды кезең болды. Әсіресе Индонезияның бай мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне терең бойлау ерекше құнды болды. Ол жергілікті тағамдармен, музыкамен, білім беру жүйесімен және индонезиялық студенттермен танысу арқылы жаңа білімге, шабытқа және мәдениетаралық түсіністікке қол жеткізді.

UMSIDA университетінің халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенеміз. Мұндай бастамалар студенттердің жаһандық ойлау қабілетін қалыптастыруға және Қазақстан мен Индонезия халықтары арасындағы достық көпіріне айналатынына нық сенімдеміз.

Шынайы алғыс пен ізгі тілектермен,
Амангелді Исмаилов
Ректордың кеңесшісі, профессор
А.К. Күсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты