ALTI-2025
2025 жылғы 12-13 маусымда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты кітапханасының директоры Г.Х. Абдигазиева халықаралық тәжірибе алу және кітапхана ісінің даму перспективаларын зерделеу мақсатында Орталық Азияның американдық университетінде (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.) ALTI-2025 халықаралық конференциясына қатысып, «Академиялық кітапханалардың инновациялық трендтері: салыстырмалы талдау» атты баяндама жасады. Бұл іс-шараға Бахрейн, Үндістан, Франция, Қытай, Болгария, Италия, Сингапур, БАӘ, АҚШ, Түркия және т. б. әлемнің 20-дан астам елінің өкілдері қатысты.
Конференция барысында кітапхана жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері, олардың ішінде: жасанды интеллектті пайдалану, электрондық ресурстарды қамтамасыз ету, кітапхана қорын толықтыру, технологияларды заманауи дамыту, цифрлық құралдарды енгізу, кітапхана мамандарының құзыреттілігі қозғалды.