ИНДОНЕЗИЯЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ЕАГИ-ДЕ ОҚУЫН БАСТАДЫ
2025 жылдың 1 қыркүйегінде А.К. Құсаинов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының басшылығы мен құрылтайшыларымен Индонезиядан келген студенттер мен куратордың кездесуі өтті.
Делегация құрамына Мухаммадия Сидоарджо университетінің (Индонезия) ағылшын тілін оқыту кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, ассоциирленген профессор Фика Мегавати және 2-курс студенттері Нур Халифах, Фелисия Шабрина Кристанингрум, Арум Тияс Прамести кірді.
Индонезия студенттері алғаш рет институттың Құрылтайшылар кеңесінің төрайымы Р.У. Бейсеновамен және ЕАГИ ректоры Н.Т. Ныгымановамен кездесті. Бұл кездесу жаңа оқу жылының басталуымен тұспа-тұс келіп, Білім күні аясында өтуі ерекше мәнге ие болды.
Кездесу барысында қонақтар институттың тарихымен, дәстүрлерімен және 30 жылдағы негізгі жетістіктерімен танысты. Басшылық университеттің стратегиялық даму бағыттарын ұсынып, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Құрылтайшылар бірлескен бастамалар мен жобаларды қолдауға дайын екендіктерін білдіріп, шетелдік студенттерге оқуда табыс, бейімделуде жеңілдік және жаңа жетістіктер тіледі.
Жылы әрі шабыттандыратын жағдайда өткен кездесу А.К. Құсаинов атындағы Еуразия гуманитарлық институты мен Мухаммадия Сидоарджо университеті арасындағы әрі қарайғы табысты ынтымақтастықтың берік негізін қалады.
Ректорат