Академик Амангелді Құсайынов атындағы білім грантын салтанатты түрде тапсыру
2025 жылдың 3 қыркүйегінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында академик Амангелді Құсайынов атындағы білім грантын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Грант білім мен ғылымға ұмтылатын талантты жастардың өсуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасайды.
Құрметті марапатқа «Тарих» білім беру бағдарламасының студенті (Т-25-02 академиялық тобы) Ермекқызы Гүлім ие болды. Гүлімді құттықтаймыз!




