«Exploring Cultural Awareness through Digital Storytelling in Language Learning» тақырыбындағы дәріс-презентация
2025 жылғы 2 қыркүйекте академиялық ұтқырлықты іске асыру шеңберінде профессор, PhD Фика Мегавати (Индонезия) “Шетел тілі: екі шетел тілі” және “Аударма ісі” білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Exploring Cultural Awareness through Digital Storytelling in Language Learning» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында шетел тілдерін оқыту процесінде цифрлық сторителлинг арқылы мәдени хабардарлықты қалыптастыру мәселелері қаралды. Дәріс студенттердің жаһандану жағдайында тілдерді үйренудің жаңа тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.




