Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында Президент Қ.-Ж. Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды
2025 жылғы 9 қыркүйекте шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының кураторлары А.Н. Ергалиева және Д.Е. Иманбаева Президент Қ.-Ж. Қ. Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне (ШТ-25-01, ШТ-25-05 академиялық топтары) кураторлық сағаттар өткізді. Студент жастардың болашағына байланысты мәселелер белсенді талқыланды.


