«Отбасындағы үйлесімділік» семинар-тренингі
2025 жылдың 11 қыркүйегінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Ұлттық Отбасы күніне орай 2-курс студенттеріне арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КПП «Жас Толқын» ЖДО және профилактикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімімен бірлесіп өтті.
Іс-шара модераторлары командалық өзара іс-қимыл атмосферасын құрып, коммуникативтік дағдыларды нығайтып, топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра алды. Студенттер шығармашылық қабілеттері мен жасампаз ойлауын көрсете отырып, семинар жұмысына белсенді қатысты.










