ЕАГИ оқытушылары алғыс хаттармен марапатталды
Астана қаласының жастар ісі жөніндегі басқармасы ЕАГИ оқытушыларына, болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, мәдени және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында бағасыз үлес қосқандары үшін, алғыс хаттармен марапаттады. Тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Г.Е. Мусынова және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі У.К. Байтурина алғыс хаттармен марапатталды. Біздің педагогтарымызды құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тілейміз!