ЕАГИ: Дарындылар кастингі – 2025

2025 жылғы 11–12 қыркүйек күндері А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында студенттердің дәстүрлі жыл сайынғы дарындылар кастингі өтті.

Іс-шараны Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Н.М Шынберген ұйымдастырды. Кастингтің негізгі мақсаты – бірінші курс студенттерін институттың белсенді студенттік өміріне тарту, олардың шығармашылық қабілеттері мен жеке бастамаларын дамытуға жағдай жасау болды.

Бағдарлама барысында студенттер өз өнерлерін түрлі бағыттарда: вокалдық және аспаптық орындау, халықтық және заманауи билер, көркемсөз оқу мен поэзия, спорттық өнер көрсету, сонымен қатар көшбасшылық пен волонтерлік бастамаларда паш етті.

Биылғы жылы ерекше назар заманауи биге аударылып, оған арнайы бөлек кезең арналды.

Кастингке қатысушылар өздерінің дарындылығы мен жасампаздылығын, сахналық мәдениеті мен актерлік шеберлігін көрсетіп, көрермендерге жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді әрі дарынды студенттер институттың шығармашылық ұжымдары мен студенттік бірлестіктерінің қатарына қабылданатын болады.