«Ұлтты оятқан ұлы тұлға» атты кураторлық сағат

2025 жылғы 19 қыркүйекте “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының ҚТ-25-01, ҚТ-25-03 тобының студенттеріне топ кураторы, аға оқытушы, философия докторы (PhD)  Т.Б. Құлынтаева «Ұлтты оятқан ұлы тұлға» атты кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – Алаш арысы, көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын студенттерге кеңінен таныстыру, оның ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегіне құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында студенттерге М.Дулатұлының өмір жолы, шығармашылық қызметі туралы мағлұмат беріліп, «Оян, қазақ!» сынды еңбектерінің тарихи мәні айтылды. Сонымен қатар студенттер өздерінің арнау өлеңдерін оқып, тұлғаның елдік мұрат жолындағы қызметіне деген құрметін поэтикалық жолдар арқылы жеткізді.

«Ұлтты оятқан ұлы тұлға» атты кураторлық сағат студенттердің рухани дүниесін байытып, ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал етті.