«ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» ТІЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ

2025 жылдың 24 қыркүйегінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері мен топ кураторы, доцент Н.Х. Шадиеваның ұйымдастыруымен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік кеш өтті.

Іс-шара барысында студенттер өлең жолдарын оқып, мерекеге орай жүрекжарды тілектерін түрлі тілдерде жеткізді.

Кеш қонағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің А. Байтұрсынов атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Мұхамади Құралай Төлегенқызы да құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге бағыт-бағдар берді.