«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы студенттерінің өндірістік практикасы
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ШТТ-23-01 академиялық тобының студенттері (3-курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының доценті С.Е. Давлетованың жетекшілігімен С. Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде өндірістік практикадан өтеді. Алғашқы күндерден бастап студенттер өздерін оң жағынан көрсетіп, ағылшын тілі сабақтарын өткізіп қана қоймай, Білім күні, Қазақстан халқының тілдері күні және т. б. жалпы мектептік іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсенді қатысады.




