ЕАГИ Түркиямен ынтымақтастықты кеңейтуде

2025 жылдың 29 қыркүйегінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Нийде Өмер Халисдемир университеті Әлеуметтік ғылымдар институтының Еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, Нийде Өмер Халесдемир университетінің Түркі зерттеулері ғылыми орталығы директорының орынбасары, Нийде Өмер Халисдемир университетінің Әлеуметтік ғылымдар институтының директоры (деканы), сонымен қатар Нийде Өмер Халисдемир университеті саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының ғылыми қызметкері,  саясаттану және халықаралық қатынастар (PhD) докторы, профессор Тургай Дуген бастаған Түркиядан келген делегациямен ресми кездесу өтті.

Делегация құрамында Нийде Өмер Халисдемир университетінің профессоры, доктор Эрдинч Демирай, Анкара қаласы Хаджи Байрам Вели университетінің профессоры, доктор Рюшту Кая сынды белгілі профессорлар болды.

ЕАГИ тарапынан кездесуге ректор, профессор Нұрбану Төкенқызы Нығманова, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Самат Амангелдінұлы Есқалиев, сондай-ақ институттың әкімшілік құрамы қатысты.

Кездесу барысында профессор Тургай Дуген Нийде Өмер Халисдемир университеті жайында қысқаша ақпарат беріп, оқу орнының ғылым, білім және халықаралық байланыс бағыттарындағы жетістіктерін атап өтті.

Өз кезегінде, ректор Нұрбану Төкенқызы Нығманова ЕАГИ-дің соңғы жетістіктері, білім беру бағдарламалары, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы және институттың әлемдік білім кеңістігіне интеграциясы туралы баяндады.

Кездесуден кейін профессор Тургай Дуген «Ғылыми зерттеу техникасы және жасанды интеллект» тақырыбында қазақ тілінде қонақ дәріс оқыды. Бұл дәріс студенттер мен оқытушылар тарапынан зор қызығушылық тудырды. Лекция барысында академиялық этика мен әдістемесі талқыланып, Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми жобалар мен зерттеулер аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына баса назар аударылды.

Дәріс барысында студенттер ғылыми және зерттеу дағдыларын арттыру үшін технологияларды қолданудың әртүрлі тәсілдері туралы және AI бұл процесті қалай қызықты және интерактивті ете алатындығы туралы білді. Студенттер мен оқытушылардың лекторға сұрақ қоюға, Еуразиялық зерттеулер шеңберіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылауға және болашақ жобалардың идеяларымен алмасуға керемет мүмкіндік алды.

Кездесу соңында профессор Тургай Дуген өзінің ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктерімен бөлісіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның Еуразиялық интеграциядағы рөлін ерекше атап өтті.