Әскери кафедрада оқу басталды
Биылғы оқу жылында әскери кафедраға түскен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері оқуға кірісті. 2 қыркүйек күні нысанды киім-кешек тапсырылды, білім алушылар сабақты ұйымдастыру және ішкі тәртіп ережелері бойынша кіріспе нұсқаулықпен танысты. 9 қыркүйек оқу процесі басталды. Студенттер әскери дайындық бағдарламасы бойынша сабаққа кірісті, оқу процесінің жоспарымен танысып, пәндерді практика жүзінде меңгере бастады. Әскери кафедрада оқыту оқу жылы бойы жалғасады.












