А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының өкілдері Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі VIII Еуразиялық форумға қатысты

2025 жылғы 26 қыркүйекте Maqsut Narikbayev University-де “Қысым астындағы стратегиялар: университеттер үшін жаңа технологиялар мен сын-қиындықтар” тақырыбында жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша VIII Еуразиялық форум өтті. Ұйымдастырушы – білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA).

Еуразиялық форум жоғары білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін, жаһандық өзгерістер жағдайындағы университеттердің стратегияларын, инновациялық технологияларды енгізу және маман даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

ЕАГИ өкілдерінің осындай ауқымды форумға қатысуы институттың халықаралық білім беру кеңістігіне белсенді интеграциялануға, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыру үшін озық үлгілерді енгізуге деген ұмтылысын көрсетеді.