Дала інжу-маржаны: индонезиялық студенттер Бурабайдың ғажайып әлемін тануда
2025 жылғы 24 қыркүйекте шет тілдері және аударма ісі кафедрасында оқитын индонезиялық студенттер үшін халықаралық академиялық ұтқырлықты іске асыру шеңберінде п.ғ.м., доцент Г. У. Абдрахманова және п.ғ.м., доцент А. У. Ильясованың жетекшілігімен Бурабайға сапар ұйымдастырылды..
Экскурсия аясында студенттер Көгілдір шығанақ, Жұмақтас, Бөлектау, Бурабай және Үлкен Шабақты көліне саяхаттады. Абылайхан алаңында көздің жауын алатын қазақтың ұлттық киімдері – шапан мен бөрік киіп, фотосессия жасады. Сапар соңында қонақтар Бурабай мультимедиялық интерактивті ультразаманауи орталық-кешенінен керемет әсер алып шықты.







