“Ұлы тұлғаларға тағзым: М. Әуезов, О. Бөкей, Ш. Мұртаза” әдеби-сазды кеші
28 қыркүйек – қазақ әдебиетінің алыптары дүниеге келген күн. Осы орайда А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 1–2 курс студенттері профессор Л.Н. Дәуренбекованың ұйымдастыруымен «Ұлы тұлғаларға тағзым: М. Әуезов, О. Бөкей, Ш. Мұртаза» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді.
Іс-шара барысында ұлы тұлғалардың шығармаларынан үзінділер сахналанып, көркемсөз оқылып, тағылымды ойлар айтылды. Домбыра мен қобыздың қоңыр үні кештің шырайын арттырып, рухани мәнін тереңдете түсті.
Бұл кеш қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдеріне деген құрмет пен тағзымның жарқын үлгісі болды. Ұлы мұра – ұрпақпен жалғасады!
