Мерзімді баспасөз мәселелерін талқылау
2026 жылға арналған мерзімді баспасөзге жазылу науқаны жүргізілуіне байланысты институт кітапханасында кафедра меңгерушілері мен оқытушылардың қатысуымен кездесулер өтті, мерзімді баспасөздің білім беру қызметінде, біліктілікті арттыру жүйесінде және өздігінше білім алу үдерісіндегі рөлі, сұранысы мен маңыздылығына қатысты мәселелер талқыланды.
Одан әрі зерделеу және талдау, жазылым басылымдарының тізбесін қалыптастыру, әдістемелік журналдармен және қоғамдық-саяси газеттермен қамтамасыз етілуін бағалау үшін ұсынылатын басылымдардың тізімін қайта қарау және инклюзия мен жасанды интеллект тақырыптары бойынша толықтыру жоспарланған .





