«Education in New Zealand» дәрісі

2025 жылғы 26 қыркүйекте Жаңа Зеландиядан келген ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Беатрис Папазоглы ИЯ-23-01, ШТ-23-04 академиялық топтарының студенттеріне арналған «Education in New Zealand» тақырыбында дәріс оқыды (3 курс, «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы). Дәріс интерактивті форматта — жанды қарым-қатынас, қызықты тапсырмалар және ағылшын тіліне толық бойлай алатын жағдайда өтті.