«Жоғары білім беру жүйесіндегі ғылыми ізденістер: дәстүр мен жаңашылдық»
«Жоғары білім беру жүйесіндегі ғылыми ізденістер: дәстүр мен жаңашылдық» 2025 жылғы 1 қазан күні Қазақстан Республикасында жоғары білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай А. А.Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор С. А. Есқалиев жүргізді.
Семинар барысында екі маңызды ғылыми баяндама ұсынылды. PhD доктор, доцент Гүлханыс Мекенбайқызы Арыстанова «Анадолы түріктерінде (Түркияда) тарих ғылымының дамуы мен ерекшеліктері (XV–XXI ғғ.)» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Аскар Советканович Макипов «Эволюция кочевой стратегии: от хунну до казахских батыров в зеркале культурного кода военной истории» тақырыбында тарихи-мәдени тұжырымдарға негізделген ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды.









