ҚҰРМЕТТІ А. Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ
Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірушілердің өтінімдерін қабылдау және құжаттарын жинау жұмыстары басталды. Өтінішті ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 06 қазаннан 15 қарашаға дейін және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 06 қазаннан 31 қазанға дейін жазуға болады. Толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментіне хабарласуға болады. Серіктес ЖОО-ларды ЕАГИ сайтынан көруге болады – https://egi.edu.kz/ru/ – Студенттерге бөлімін таңдайсыз, ары қарай Академиялық ұтқырлық, бұдан әрі серіктес ЖОО-лар.
Академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар
* Студенттің өтініші;
* жеке куәліктің көшірмесі;
* төлқұжат куәлігінің көшірмесі;
* оқуға келісім (Learning agreement);
* кафедрадан ұсыныс хат;
* транскрипт (ұшуға дейінгі соңғы сессия, ал өтініш берген кезде соңғы семестр);
* студенттің жеке оқу жоспары (пәндерді синхрондаумен);
* 072/у медициналық анықтамасы (шетелге шығатындар үшін) және Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін флюорографияның кескінін;
* шет тілдерін білу туралы сертификат (ағылшын тілі – IELTS – 6.0 – ден төмен емес, TOEFL itp (470) TOEFL ibt (80); түрік, испан, неміс және т. б. – В2 (Түркия жоғары оқу орындары үшін), В2 (Эстония үшін) және одан жоғары) деңгейінде тілді білу туралы сертификат бар болса (шетелге шығатындар үшін);
* ата-аналардың бірінің қолы қойылған және нотариалды куәландырылған (18 жасқа толмаған) жазбаша түрдегі ата-аналардың келісімі;
* фото 3х4, 3 дана.
Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры – Салтанат Акимовна Мейрамова
Мекен-жайы: Астана қ., Жұмабаев даңғылы, 4, 3-қабат, 303 каб.
Тел: +7 707 914 9902 (сыртқы ұтқырлық бойынша – Адина)
+7 702 089 21 62 (ішкі ұтқырлық бойынша-Арай)
E-mail: international.eagi.edu@inbox.ru
