«Жастар бізбен бірге»

2025 жылдың 2 қазанында Астана қаласы прокуратурасының, білім басқармасының және Сарайшық ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» нарративі аясында «Жастар бізбен бірге» тақырыбында шара өтті.

Шараға қала жастары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы мен мүшелері — Хван Миён, Қожанова Жібек, Сыздыкова Дильназ, Шонжарбай Диана және Алмазқызы Нұрай — белсене атсалысты.