ЕАГИ-де «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2016» cтуденттер мен магистранттардың XVIII жоғары оқу орындары арасында өткен конференциясы өз жұмысын аяқтады

2016 жылдың 14-15 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, «Ғылым және жаңа ұрпақ» атты студенттер мен магистранттардың XVIII жоғары оқу орындары арасындағы конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – «ғылыми зерттеу» категориясы туралы біртұтас және құрылымдалған түсінікті қалыптастыру және Қазақстан қалалары мен шетел елдері жоғары оқу орындарының студенттері арасында ғылыми қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Конференция жұмысына Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен (Астана, Алматы, Шымкент, Арқалық, Павлодар), Ресей Федерациясынан – А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті мен М.Акмулла атындағы Башкир мемлекеттік педагогикалық университетінен келген студенттер қатысты.

Конференция аясында жас ғалымдардың педагогика және психология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар (тарих, әлеуметтану, философия және т.б.), қазақ және орыс филологиясы, шетел филологиясы мен аударма ісі, құқық, экономика және қаржы саласындағы зерттеулерінің мәселелері мен келешегі қарастырылды.

Конференция жұмысы келесі секция аясында өтті:

  1. Педагогика және психология;
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология;
  3. Қазақ және орыс филологиясы;
  4. Шетел филологиясы және аударма ісі;
  5. Құқық;
  6. Қазіргі заманғы экономиканың қаржылық аспектілері.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. Олардың мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарының жағдайларын жетілдіру, ғылыми кеңістікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасы студенттері мен магистранттарының ғылыми әлеуетін қалыптастыру және дамыту.

Конференция соңында қорытынды шығарылып, жүлделі орындар бөлінді. Жеңімпаздар өзекті және қызықты баяндамалары үшін І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушы комитет