ЕАГИ жалпықалалық сенбілікке қатысты

2025 жылғы 11 қазанда «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Оған А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Сенбілік барысында қаланы көгалдандыру және институтқа іргелес аумақты жинау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке қатысушылар жұмысқа қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

ЕАГИ жастары елорданы абаттандыруға үлес қосып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың және экологиялық мәдениеттің маңыздылығын түсінді. Мұндай іс-шаралар студенттердің экологиялық тәрбиесіне ықпал етеді және қоғамды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.