ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ: ТҮСІНУ, ҚОЛДАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
2025 жылғы 10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған Ұлттық бағдарлама аясында «Жас Толқын» жастар денсаулығы орталығы мен №3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мамандары Д.А. Қонаев атындағы колледж базасында «Психикалық денсаулық: түсіну, қолдау және алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы А. Б. Мусиев, сондай-ақ шақырылған қонақтар – Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ әдіскері және «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Алматы ауданы бөлімшесінің психиатр-суицидолог дәрігері қатысты.




