Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысы

2025 жылдың 11 қазанында Астанада «Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және орналастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, вице-министр Гүлзат Избасарқызы Көбенова, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Кездесуге А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты атынан ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Самат Амангелдіұлы Есқалиев қатысты.

Жиналыс барысында жоғары білім беру жүйесін дамыту мен мемлекеттік білім беру тапсырысын жетілдіру тетіктері бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Қатысушылар жоғары білім беру жүйесін дамытудың өзекті бағыттары бойынша ортақ ұстаным қалыптастырып, ел дамуының маңызды факторларының бірі ретінде инновацияға негізделген сапалы білім мен ғылым әлеуетін арттыруды атап өтті.