Қосшы қаласы №3 мектеп түлектерімен кездесу
Бүгін А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Қосшы қаласының №3 орта мектеп түлектерімен кездесу өтті.
Кездесуге 30 оқушы қатысып, институт туралы, оқу бағдарламалары, мемлекеттік және әкімдік гранттары, оқуға түсу шарттары жайлы толық ақпарат алды.
Институттың психологы А. Б. Мусиев түлектерге өз болашақ мамандығын анықтау бойынша тренинг өткізді.
Кездесу соңында оқушыларға институт бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оны ЖІК төрайымы Н. М. Шынберген жүргізді.
Кездесуді тәрбие ісі жөніндегі проректордың м.а. А. Т. Сандыбаева және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А. К. Жантаева ұйымдастырды.
Кездесу жайлы әрі шабытқа толы атмосферада өтіп, түлектерге пайдалы ақпарат пен болашақ мамандығын таңдауға мотивация сыйлады.



