Интеграциялық сабақтар
2025 жылғы 17 қазанда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты филиалының жоспарына сәйкес №72 мектеп-лицейімен, Шет тілдері және аударма ісі кафедрасымен бірлесіп «ХХІ ғасырдағы мәдениетаралық коммуникация және әлем тілдері» тақырыбында интеграциялық сабақтар өтті.
Филиалға жауапты доцент С. Е. Давлетова № 72 мектеп-лицейінде педагогикалық өндірістік практикадан өтіп жатқан кафедра студенттерімен бірлесіп сабақты интерактивті түрде өткізді.
Іс-шара барысында мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және шет тілдерін үйренуге қызығушылықты арттыруға бағытталған түрлі тілдік және коммуникативтік ойындар, викториналар мен шағын пікірталастар ұйымдастырылды.
Сабақ қызықты әрі танымдық сипатта өтті. Студенттер мен оқушылар белсенділік, бастамашылдық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.





