«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және даму болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2025 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Орталығында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Болгария, Польша елдерінен келген шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, елдің тарихи мұрасын зерделеудің маңызын атап өтті.
Аталған іс-шараға А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтының ректоры Н.Т. Ныгыманова және ғылым және халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі проректоры С.А. Есқалиев қатысты.


