Республика күніне арналған салтанатты іс-шара
2025 жылғы 24 қазанда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік бағдарлама еліміздің Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталып, институт ректоры, профессор Н. Т. Нығыманова құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты іс-шара аясында білім беруді дамытуға және жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін институттың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері: М. Т. Ахметова, Е. В. Крушинская, А. Т. Аязбаева, А. К. Алтымбаева, К. В. Мельнова, А. К. Шоқатова, А. Т. Балтабаева, Ж. Е. Тұрманова, Б. Г. Ғалымжановаға алғыс хаттар табысталды.
Отандық білім беруді дамытудағы сіңірген еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталған И. А. Тобағабылованың есімі ерекше аталып өтті. Сонымен қатар, мереке аясында барлық академиялық топтарда тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен дамуына арналған кураторлық сағаттар өтті.







